Оның ішінде 6795 адам вакцинаның екі компонентін алған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 19 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 700 мыңға (695 875) жуықтады. Оның ішінде Нұр-Сұлтан – I компонент 58 553, II компонент 10 454, Алматы қаласы – I компонент 134 637, II компонент 15 261 және Түркістан облысы – I компонент 42 620, II компонент 12 390.
Жалпы өткен тәулікте қалада ковид инфекциясына қарсы 2756 адам вакцина салдырды. Ковид-19 бойынша өткен штаб отырысында қаламызда күніне кемі 10 000 адам вакциналаудан өтуі керек делінген-ді. Сондықтан мамандар қала тұрғындарын індетке қарсы екпе егуге шақырады.
Айта кету кеек, қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. 18 сәуір күні 411 нысанға (403 кәсіпкерлік, 8 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, өткен тәулікте КВИ-дің 114 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 69, белгілері жоқ - 45). 38 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 76 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, Атамекен клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын), төсек-орын толымдығы – 45%, 551 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 459 науқас емделуде (КВИ-284, пневмония-163, ЖРВИ-12).
«AQ-QARA.KZ»- ақпарат