Исагил Тасимті 4 сәуір күні өте ауыр хәлде «Атамекен» медициналық орталығынан Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем қызметімен ауыстырылған. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызады.
52 жастағы азаматтан коронавирус инфекциясы мен өкпесінің 80 пайызы зақымдалғаны анықталған. Бұған қоса пациент өздігінен демала алмағандықтан, аппаратқа қосылған. Науқаста тыныс жетіспеушілігінің 3-дәрежесі, айқын интоксикациялық синдромы, тромбоциттің төмен болуы сынды асқынулар болған.
1968 жылғы азаматқа дәрігерлер хаттама бойынша толық ем көрсетіп, антикоагулянтты және антибактерильдық терапия бойынша көмек көрсеткен.
Он күннен аса жансақтау бөлімінде ем алған науқасты дәрігерлер жағдайы жақсарған соң бөлімшеге ауыстырған.
Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Өздігімен тыныс алуда. Тыныс алу жиілігі жақсарған дейді дәрігерлер.
Денсаулығы жақсарған азаматты дәрігерлер бір-екі күнде ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат