Департамент қызметкерлері вакцинаны қаладағы консультативтік-диагностикалық орталығы мен «Ай Нұры» емханасында салдырған. Әуелі ТЖ мамандары дәрігер тексеруінен өтіп, алдын ала екпенің әсері жөнінде түсіндірілді. Вакцина салдырғаннан кейін 30 минутқа дейін дәрігерлік бақылауда болды.
Айта кетсек, бүгінде шаһарда екпе егу жұмысы 38 бекетте атқарылып келеді. Қала тұрғындары кез келген вакцина бекетіне барып, екпе салдыра алады. Аталған бекеттер аптаның жұмыс күндерінен тыс сенбі және жексенбі күндері де қызмет көрсетеді.
Айта кету керек, қала тұрғындарына қызмет көрсететін 11 ПТР зертханасы жұмыс жасауда. Зертханаларда 1 күнде 6 200 тест жасауға мүмкіндік бар. Барлығы 349 518 ПТР тест өткізілді. 19 сәуірде 1 312 ПТР тест жасалған. Азаматтарды вакцинациялау үшін 38 бекет ұйымдастырылып, бүгінде 1-ші компонент 67 906, 2-ші компонент 6 918 азаматқа салынды. Вакцинациялауға 753 медицина қызметкері оқытылып, жұмылдырылды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат