Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ол С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген болса, өз кезінде Алматы қаласындағы көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында сынақ тәжірибиесінен өтіп, біліктілігін арттырған.
Дәрігер жылына көз ауруына шалдыққан 7000 мыңнан аса науқасты емдеп жазады. Жоғары санаттағы медицина маманы TCOD офтальмологтар қауымдастығының мүшесі, ТМД елдерінің жас ғалымдары – «Ғылыми Авангард» тобының мүшесі, Ресей зерттеу қоғамының мүшесі болып табылады. 2017 жылы глаукоманы зерттеуге қосқан үлесі үшін академик А.П. Нестеров медалі берілді.
Офтальмолог-дәрігер көз ауруларын ерте кезеңдерінде анықтап, диагностикалайды, жаңа жабдықтарда жұмыс жасайды. Түрлі көз инфекцияларына арналған манипуляциялар және көз жасы жолдарын емдеумен айналысады. Блюм Е.А. - оптикалық когерантты томография, циклоскопия, офтальмоскопия бойынша маман.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат