Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бір ғасырға жуық өмір сүрген қария – Шымкент қаласының құрметті азаматы. Әлемдегі жағдайдан күнделікті хабардар болып отырған қарт кісі вакцина қабылдауды жөн көрген.
Екпеден алдын қарияны дәрігерлер тексеруден өткізген. Қарсы көрсетілімдер болмағандықтан, «Спутник-V» вакцинасының І-компонентін салып берді.
– Ойлана келе өз еркіммен вакцина вакцина салдыруға шешім қабылдадым. Біз вирусты осылай жеңеміз. Көпшілікке вакцинадан қорқудың қажеті жоқ екенін айтқым келеді, – дейді қария.
Айта кетейік, Қуаныш Әбдірахмановтың отбасы мүшелерінің барлығы ковидке қарсы екпе алған. 23-сәуір күні екпенің бірінші компонентін салдырған қария арада 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін қабылдауы қажет.
Шымкент қаласында азаматтарды вакцинациялау үшін 38 бекет ұйымдастырылған.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат