Сәрсенбі, 28 Сәуір 2021 21:50

Шымкент: Емханаларда түнгі сағат 00:00-ге дейін коронавирусқа қарсы вацина салдыруға болады

Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлім етті,-деп хабарлайды Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы.

– Қазіргі таңда коронавирус індетінің өршуіне байланысты Шымкент қаласы «қызыл аймақта» тұр. Осыған орай, Шымкенттегі мемлекеттік және жекеменшік барлық емханаларда түнгі сағат 00:00-ге дейін коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға болады, - деді қаланың бас дәрігері.

Жалпы Шымкентте өткен тәулікте 7 122 адамға вакцина салынды: I компонент – 5 918, II компонент – 1 204 адам. Егу науқаны басталғалы барлығы 89 957 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 10 312 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Бүгінде қалада екпе егу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Вакциналау бекеттерінің саны да артып, 42-ге жетіп отыр. Сол себепті тұрғындарды тезірек екпе салдыруға шақырамыз.

Айта кетейік, қоғамдық орындар мен арнайы мекемелерде ұйымдастырылған егу пунктеріне кез келген қала тұрғыны келіп, ерікті түрде вакцина салдырса болады. Екпеден бұрын азамат міндетті түрде сауалнама толтырып, дәрігердің тексеруінен өтеді. Қарсы көрсетілімдері болмаса, ковидке қарсы вакцина салдыруына болады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 381 рет