Бүгінде қалада көптеген мекемелер ұжыммен бірге екпе алуға белсенді қатысуда. Қазіргі жағдайда вакциналау өте маңызды.
Бүгін Шымкент қаласының «Zhasyl zher» ЖШС қызметкерлері де ұйымдасқан түрде вакциналауға қатысты. «Zhasyl zher» ЖШС – Қаратау ауданы аумағындағы орталық маңызға ие және ішкі орам көшелері, аулаларға санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізетін мекеменің бірі.
Аталған мекеменің 50 қызметкері ерікті түрде вакцина салдырды. Сондай-ақ, қызметкерлер барша қала тұрғындарын індеттің алдын алу мақсатында ерікті түрде екпе алуға шақырды.
Қалада вакцина жеткілікті. Егу бекеттерінің де саны кезең-кезеңімен артып отыр.
Шымкент қаласында өткен тәулікте 8 058 адам вакцина алды: I компонент – 7 280, II компонент – 778.
Егу науқаны басталғалы барлығы 103 360 адамға екпе салынды. Оның ішінде 12 358 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Айта кету керек,қалада вакцина жеткілікті.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат