Егу науқаны басталғалы барлығы 171 468 адам вакциналанды. Оның ішінде 77 515 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
25 мамыр күні шаһарда КВИ-дің 62 жағдайы тіркелді. 19 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 43 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6).
Сондай-ақ, 25 мамыр күні 226 нысан тексерілді. Оның ішінде 6 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Қалада екпе егу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Вакциналау бекеттерінің саны да артып отыр. Сол себепті тұрғындарды тезірек екпе салдыруға шақырамыз.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат