Алексей Волажанин мен Анастасия Золотконы тексеру кезінде дәрігерлер коронавирус инфекциясын анықтап, екі жақты пневмония диагнозын қояды. Бұған қоса науқастарда ентігу болып, әрі тыныс алу қиындағандықтан, Бобров тыныс алу аппаратына қосылады.
Инфекциялық стационарда жатқан ерлі-зайыптылар бір аптадан аса ем қабылдап, денсаулығы жақсарды. Науқастардан қайтадан алынған ПТР тест қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен.
– Шығармашылық ұжыммен Ресейден Шымкентке арнайы түсірілім жүргізу үшін келдік. Өзге елде жүріп кенеттен қатты ауырып қалғанда, уайым күшейді. Бірақ ауруханаға түскенде қорқынышымыз бірден басылды. Қажет емді толық алдық. Қазір әйелім екеуміздің де жағдайымыз жақсы. Шымкенттік медицина мамандарына алғысымыз шексіз, – дейді Алексей Волажанин.
Ерлі зайыптылар бүгін ауруханадан шықты. Коронавирус инфекциясынан сауығып шыққан шетелдік азаматтар Шымкентте түсірілім жұмыстарын одан әрі жалғастырмақ.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат