Дүйсенбі, 31 Мамыр 2021 17:08

Шымкентте 110 мыңнан астам адам тегін дәрімен қамтамасыз етілді

Шымкентте жыл басынан бері 110 435 азамат тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Емделушілерді тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін жыл басынан бері 3,7 млрд теңге жұмсалған. Бұл қаржы созылмалы аурумен есепте тұратын науқастарға, ауруханада жатқан азаматтарды емдеу шаралары үшін бөлінген.

Айта кету керек, тегін дәрілік заттармен қамтамасы ету үшін стационарлық деңгейде ағымдағы жылы жалпы сомасы 5,845 млрд. теңгені құрайтын дәрілік заттар және медициналық бұйымдарды жеткізуге келісім шарт жасалып отыр. Дәрілік заттарды медициналық ұйымдарға жеткізіп беру үшін 64 сатып алу шарты жасалған.

Сондай-ақ амбулаториялық деңгейдегі 38 медициналық ұйымға 7,2 млрд. теңге соммасына дәрілік заттар және медициналық бұйымдарды сатып алуға өтінім ұсынылды. Сатып алу өтінімі бойынша емхана деңгейінде науқастар тегін дәрімен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 395 рет