Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Препарат дәрілер қан орталығынан қаладағы екпе егу бекеттеріне таратылды.
Жыл басынан бері қалаға «Спутник-V» вакцинасының 1 компонентінен 171 630 және 2 компонентінің 116 555 дозасы жеткізілген. «QazCovid-In» вакцинасының 8 000 дозасы және «Hayat-Vax» вакцинасының 30 мың дозасы келген.
Қазірде қалада инфекцияға қарсы вакцинаның 1 компонент 15074 және 2 компонент 55323 дозасы бар.
Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкентке 175 760 адамға ковидке қарсы вакцина салынды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. 30 мамыр күні 176 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 5 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Қалада екпе егу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Вакциналау бекеттерінің саны да артып отыр. Сол себепті тұрғындарды тезірек екпе салдыруға шақырамыз.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат