Жұма, 04 Маусым 2021 14:49

Шымкент: Өткен тәулікте 4537 адам вакцина салдырды

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 4537 адам вакцина салдырды. I компонент – 2437 адам салдырса, II компонент – 2100 адам салдырды.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жалпы егу науқаны басталғалы барлығы 178 215 адам вакциналанды. Оның ішінде 89 401 адам вакцинаның екі компонентін алды.

3 маусым күні КВИ-дің 46 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 29, белгілері жоқ – 17). 15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 31 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 376 орын бар.

Сондай-ақ, өткен тәулікте 225 нысан тексерілді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қалада екпе егу жұмыстары белсенді жүргізілуде. 40 - тан астам вакциналау бекеттері жұмыс істейді. Тұрғындарды тезірек екпе салдыруға шақырамыз.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкент қаласына «Спутник V» вакцинасының қосымша І компонентінің 33 545 дозасы жеткізілген болатын.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 507 рет