Оның ішінде, тегін медициналық қызмет бойынша – 74,9 млрд теңге, медициналық сақтандыруға – 52,4 млрд теңге. Бұл жайында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Нұршат Айтымбетова мәлімдеді.
«Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруды ескере отырып, Қор биылғы жылы белгіленген жоспарлар мен жаңа бастамаларды жүзеге асыруға ниетті. Айта кетерлігі, неонаталдық скринингтер жүргізуге, сәбилердің психофизикалық дамуын бағалауға, мектептегі медицинаны дамытуға қосымша қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, ауылдарда медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыруға байланысты қаржыландыру көлемі 20%-ға көбейеді», – деді Н.Айтымбетова.
Өткен жылы МӘМС пакетіне Түркістан облысы көлемінде медициналық көмекке 36,3 млрд теңге жұмсалған болатын. Осы кезеңде Қор активі есебінен облыстың стационарларында жоспарлы түрде 200 мыңға жуық пациент емделіп, 21,5 млрд теңге төленді. Сондай-ақ, былтыр жоғары технологиялы медициналық қызметтің көмегімен 62 ота жасалып, оған 121 млн 896 мың теңге бағытталған.
Бұдан өзге, 2020 жылы медициналық оңалту шарасына 3,1 млрд теңге жұмсалған. Биылғы жылы оңалтуды қаржыландыруға 4,6 млрд теңге бөлініп отыр. Өткен жылдармен салыстырғанда қаржыландыру көлемі 6 есеге артқан. Яғни, оңалту орталықтарының, медициналық ұйымдарда оңалту бөлімдері мен кабинеттердің, жұмыс істеуіне серпін берілмек.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат