Бейсенбі, 17 Маусым 2021 19:10

Келес: COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алу бойынша штаб отырысы өтті

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алу бойынша карантиндік іс-шараларды іске асыру жөніндегі штаб отырысы өтті.

Штаб отырысы бейнеконференцбайланыс құралдарының көмегімен онлайн форматта өткізілді. Отырысқа қатысушылар аудандағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды, коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шараларды, карантин режимін бұзғандарды анықтау бойынша мобильді топтардың жұмысын талқылады. Жиын барысында нақты шешімдерді талап ететін мәселелер қаралды. Соның бірі – мониторинг топтарының атқарып жатқан жұмыстарының сапасын арттыру. Бүгінде Келес ауданында 13 монитоинг тобы бар. Олар карантин талаптарының орындалуын қадағалап, санитарлық нормаларды өрескел бұзғандарды анықтап отыр. Жиынды қорытындылай келе, аудан әкімі А.Есбаев штабқа өңірдегі жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстауды тапсырды.

Айта кетейік, Келес ауданында коронавирусқа қарсы екпе алып жатқан адамдардың саны артып келеді. Бүгінгі күнге дейін 20 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Ауданда вакцинаның бірінші компонентін 17 540 адам ал, екіншісін 11 780 тұрғын қабылдаған. Бүгінгі таңда вакцинаның Гам-КОВИД-Вак, QazCovid, Hayat-Vax және КоронаВак түрлері өңірге жеткізіліп, аудан аумағындағы аурухана мен емханаларда сондай-ақ шалғай ауыл тұрғындарына жылжымалы медициналық кешен арқылы салынуда. Жалпы 5 медициналық пункт арнайы жабдықталған. Қазіргі таңда күніне 600-ге жуық тұрғын вакциналарды қабылдауда.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 428 рет