Жұма, 09 Шілде 2021 20:04

Келес ауданында карантин режимінің талаптары түсіндірілді

Келес ауданында аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаевтың төрағалығымен Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 шілдедгі №14 қаулысына енгізілген өзгерістер жөнінде жиын өтті.

Жиынға аудандық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Спандияр Оразымбетов пен ауыл, ауылдық округінің әкімдері онлайн режимде қатысты.

Аталған қаулы бойынша бұқаралық, отбасылық, көпшілік жиналатын өзгеде іс-шараларды өткізуге, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ ойын-сауық нысандарының (жабық үй жайлардағы балалар ойын алаңдары, батут мен аттракциондар) қызметіне, бассейн, СПА орталық, спорт кешендері, фитнес орталықтар, жабық базарлар, сауда үйлері СЕНБІ, ЖЕКСЕНБІ күндері жұмыс істемейді делінген болса, ашық базарлардың жұмысы ЖЕКСЕНБІ күні тоқтатылуы айтылған. Карантин кезінде МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ РЕЖИМІ өзгерді. Атап айтқанда сауда нысандарының, оның ішінде пісірілген өнімдерді, фастфудты, балмұздақты, сусындарды сату дүңгіршектерінің қызметі - сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін; жаттығу залдарының қызметі (30% толымдылықпен) сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін; Бильярд, боулинг, компьютерлік клубтар (30% толымдылықпен) сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін; Караоке клубтар (50% толымдылықпен) сағат 07:00ден 02:00ге дейін; Қызмет көрсету саласының және квазимемлекеттік сектор органдары мен ұлттық компаниялардың, сондай-ақ вахталық қызметкерлер - 80%-ы қашықтықтан, ал 20%-ы күндізгі режимде жұмыс атқаруы керектігі ескертілген.

Сонымен бірге аудан әкімдігі қызметкерлері мен полиция және санитарлық-эпидемиологиялық мамандары тұрғындарға жаңа Қаулыны түсіндіру жұмысын да жүргізіп отыр.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 572 рет