Дүйсенбі, 31 Мамыр 2021 20:32

Мақтаарал ауданы: Коронавирус ауруының алдын алу бойынша мобильді топ жиыны өтті

Ауданда коронавирустық инфекция ауруының таралуының алдын алу бойынша мобильді топ отырысы өтіп, жиынға аудандағы кәсіпкерлік нысан иелері, атап айтқанда ірі тойхана, ресторан, кафе иелері шақырылып, аталған кәсіпкерлердің «Ashyq»жобасын қолдануы бойынша түсіндірме жұмыстары мен мерзімдері сұралды.

Түркістан облысы Кәсіпкелер палатасының Мақтаарал аудандық филиалының директоры Н.Әбдіразақова кәсіпкерлерден жаңа «Ashyq» жобасының басты артықшылығы-адамдардың қауіпсіздігі екенін атап өтіп жедел мерзімде кәсіпкерлерден қоғамдық тамақтану орындарын аталған жоба аясында тіркелуге шақырды.

Жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова кәсіпкерлерге жоғарыда аталған жоба аясында жұмыс жасау бүгінгі күннің басты талабы екенін, «Ashyq» жобасына енбеген, адамның көп шоғырлануына жол беретін заңсыз ірі тойлар мен отбасылық мерекелік шараларды өткізген тойхана, ресторан, кафе немесе үй жайлардағы отырыс жиындарды құрамында полиция инспекторы бар жергілікті мобидьді топ басшылары анықтап, тиісті хаттама түзіп, заң шеңберінде айыппұл салынуына әкеп соғатынын ескерте кетті. Және де аудандық орталық аурухананың коронавирустық инфекция жұқтырған азаматтардың ем-дом қабылдауы өз деңгейінде болуы мен ауруханалардағы инфекциялық бөлімдердегі төсек орындардың жеткілікті болуын атап өтті.

Алдағы аптада коронавирустық инфекция жұқтырған азаматтармен үй ошағындағы қарым-қатынаста болған азаматтардың 14 күндік карантиндік режимді сақтап үй жайында болуын қадағалау мақсатында аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен құрамында ерікті жастары бар азаматтар аудандық мобильді топтармен бірге анықтау шараларын жүргізетін болады.

Бүгінгі таңда мобильді топтар аудан көлемінде 4000-ға жуық нысанды аралап коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тойханалар, ресторан мен кафелерде, сонымен қатар үй жайларда адам шоғырланатын тыйым салынған мерекелік кештер мен тойларды анықтап, 189 хаттама толтырып, 8 миллион теңге көлемінде айыппұл салған. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 417 рет