Атап айтар болсақ, аудандағы ескі аурухана ғимараты толық күрделі жөндеуден өтіп, 40 төсек орынды инфекциялық стационар бөлімі және 6-реанимациялық төсек орын, 20 төсек орынды обсервация бөлімі санитариялық -эпидемиологиялық талапқа сай жабдықталды.
Сондай-ақ, аудан көлемінде 18 мобильді топ құрылып, ҚР ДСМ 22.06.2020 ж №404 «Короновирус COVID -2019 инфекциясының жеңіл және симптомсыз түрімен тіркелген науқастарды амбулаторлық деңгейде бақылауды ұйымдастыру туралы» бұйрығы және 30.10.2020 ж Денсаулық сақтау министрінің м.у.а А.Гинияттың «Короновирус COVID -2019 инфекциясымен ауырған науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулығын басшылыққа ала отырып , аудан көлемінде 18 дәрігер, 20 медбике науқастарға ем-дом жасауда.
Ордабасы аудандық орталық ауруханасында 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ресейде өндірілген «Спутник V», Гам КОВИД , Хайат ВАК вакцинасын қолдана отырып, коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау жүріп келеді.
Осы орайда, аудандық денсаулық сақтау мекемесінің жауаптылары тұрғындарды індеттің алдын-алдын алудың ең тиімді жолы ерікті түрде екпе салдыруға шақырады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат