Жұма, 04 Маусым 2021 17:22

Түркістан облысының 1,6 млн. тұрғыны МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Түркістан облысының 1,6 млн тұрғыны медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы.

Яғни, жоғары технологиялық операция, МРТ, КТ, скринингтік тексерулер, патронаттық қызметтер, амбулаториялық-емханалық көмек, стоматологиялық қызметтерді ақысыз алу барынша қолжетімді болады деген сөз. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары А.Сабитовтың төрағалығымен өткен өңірлік штабта айтылды.

Жүйеде әлі күнге дейін сақтандырылмаған 400 мыңға жуық адам ақысыз қызметтерден тыс қалып отыр. Сақтандырылмағандардың көпшілігі тұрақсыз төлеушілер. Яғни, олар үшін қандай да бір аударымдар және жарналар тұрақты түспейді, не болмаса төлем дұрыс жүргізілмеген. Соның салдарынан жүйеде қарызы қордаланып, мәртебесінен айырылады. Демек, төлемдердің жүйелілігін сақтау маңызды.

«Жүйеге қатысатындардың ішінде 15 жеңілдетілген санаттар мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген. Алайда, ақпараттық жүйелерде аталмыш санаттардың әлеуметтік статустары анықталмағандықтан сақтандырылу құқығынан айырылып қалып отыр. Осы ретте, жеңілдетілген санатқа жататын азаматтар тіркелген емханасына барып әлеуметтік статустарын анықтағандары жөн», - дейді, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Бейсенбаев.

Қор медициналық қызметтерді тұтыну үшін 15 жеңілдетілген санатқа, шағын және орта бизнес қызметкерлеріне уақытша статус беру жұмысын жүргізеді. Жыл басынан бері «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасында 174 ШОБ қызметкеріне, 33 80 жеңілдетілген санаттағы тұрғындарға уақытша статус берілді. Уақытша статус оларға растайтын құжаттарды ұсынуға және жеңілдік санатқа оралуға мүмкіндік береді. Содан кейін олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұлғаның мәртебесі туралы сұрақтар туындаса, жарналар мен аударымдарды төлеуге байланысты Қордың 1406 бірыңғай байланыс орталығына, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасына, Telegram-дағы «SaqtandyryBot», «fms.kz» ресми сайттары арқылы хабарласуға болады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 396 рет