Бейсенбі, 17 Маусым 2021 18:00

Түркістан: Түлкібас ауданында «Дәрігерлер аллеясы» ашылды

Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Дәрігерлер аллеясы» ашылды.  Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Айта кету керек, медицина саласы қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында бой көтерген демалыс орнына аудан бюждеті есебінен 12 млн. теңге қаржы жұмсалған. Тұрғындардың демалып, бой сергітуіне арналған саябақ аумағы 500 шаршы метр.

Игі шараның ашылу салтанатында сөз алған Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт аудан тұрғындарының атынан адам өмірінің арашасы болып жүрген медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді. Дүние жүзін жайлаған қауіпті індетпен күресте ақ халатты абзал жандарды еңбегі ерен екендігін атап өтті.

Аллея ортасынан дәрігер мен медбике ескерткіші бой көтерді,сондай-ақ онда «Дәрігерлерге мың алғыс!» тақтайшасы орнатылды. Сондай-ақ, 8 дана ыңғайлы орындықтар және түнгі жарықшамдар орнатылған. Абаттандыру мәселесіне де көңіл бөлініп, 70-ке жуық арша, ақ қайын көшеттері отырғызылып, газон егілді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 392 рет