Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Соңғы тәулікте 11 070 адам екпе қабылдаған. Облыста 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен (ревакцинация) 363 100 адам вакцина салдырды.
Түркістан облысының 2088 тұрғыны отандық QazVac-ты салдырған. Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, Hayat-Vax мен қытайлық CoronaVac вакциналарын қабылдай алады.
Айта кету керек, облыс бойынша Сарыағаш ауданында вакцина салдыру жұмыстары үздіксіз жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге дейін ауданда 36 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Ауданда вакцинаның бірінші компонентін 35 675 адам ал, екіншісін 19 091 тұрғын қабылдаған.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 77 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 1,02 % құрайды. Облыста 846 038 ПТР-сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1504 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1200 орын бар, олардың 570-і бос. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 7554 жағдай тіркелді. Олардың 4773-де ауру симптомсыз өткен болатын.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат