Дүйсенбі, 12 Шілде 2021 20:20

Шардара: Халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті

Аудан әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті. Мәжіліс кеңес төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев төрағалығымен өтті.

Жиында аудан бойынша ауыз су жүйелерінің сапасын қадағалау, санитарлық техникалық жағдайы туралы және елді мекендердің сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі туралы, аудан бойынша жазғы сауықтыру лагерлері және сауықтыру алаңшаларындағы оқушылардың тамақтандыруын ұйымдастыру, өткір ішек жұқпалы ауруларының алдын алу бойынша шараларының орындалуы, туберкулез аса қауіпті жұқпалы ауруы бойынша эпедемиологиялық жағдай және оны төмендету мақсатында атқарылған іс шаралар жөнінде және ауданда аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу шараларының шешімін таппай отырған өзекті мәселелері туралы сөз қозғалды.

Көтерілген мәселелер бойынша аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы О.Жиеналиев баяндама жасап, бірқатар ұсыныстар мен мәселелерді шешу жолдарын атап өтті. Сонымен қатар мәжілісте аудандық орталық ауруханасы, аудандық аумақтық инспекция, дербес бөлім басшылары қатысып, ауыл әкімдері онлайн түрде байланысты. Олар өз тараптарынан жасалынып жатқан шараларғатоқталды.

Б.Шомпиев аталған тақырыптар жөнінде атқарылған жұмыстарды тыңдап, көтерілген бірқатар мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, үйлестіру кеңесінің төрағасы өзекті мәселелерді шешу үшін жедел шараларды бекітіп,тиісті мекемелер мен жауапты мамандарға тапсырмалар берді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 523 рет