Сәрсенбі, 21 Шілде 2021 16:17

Түркістан: Ордабасы ауданында екпе егудің I компоненті бойынша 70 пайыз, II сатысында 45 пайыз орындалды

Ордабасы аудан ыбойынша қазіргі таңға дейін екпе салдырудың I сатысы бойынша — 30 975 тұрғын (70%) ал, II сатысында — 20 113 тұрғын (64%) салдырды.

Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Екпе егудің I компоненті бойынша 70 пайыз, II сатысында 45 пайыз орындалды.

Атап айтқанда, жыл басынан бері I компонентте 28 140 вакцинаның 27 900 тұрғынға салынды. Ал, II компонентте 19 235 вакцина салынып, 18 428 көрсеткішке жетіп отыр.

Жыл басынан бері «COVID-19» індетімен 281 адам ауырса, пневмониямен — 157 науқас түскен. Қазіргі таңда, 15-і үй бақылауында болса, 13 науқас ауруханада ем қабылдауда.

Қазіргі таңда Түркістан облысы сары аймақта. Осыған орай, аудан әкімі Б.Батыршаев ауыл округі әкімшілігі, аудандық аурухана және мекеме қызметкерлеріне жаппай вакцина салдыруға шақырды.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына екпе салдыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, екпе егуде тұрғындар тыс қалмауына тапсырма берді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 567 рет