Жұма, 23 Шілде 2021 13:17

Түркістан: Түлкібас ауданында жылжымалы бригадалар үйлерді аралап екпе салуда

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында жылжымалы бригадалар үйлерді аралап екпе салуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Түлкібас ауданында коронавирус инфекциясына қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында 13 екпе егу пунктерінде 25 медициналық бригада тұрғындарға екпе егу жұмыстарын жүргізуде.

Бұдан бөлек, үш жылжымалы бригада елді мекендерді аралап, үйінен шыға алмайтын тұрғындардың үйіне барып екпе егу шараларын жүзеге асыруда.

Бүгінде Түлкібас ауданында 13 екпе пунктерінде 28 305 аудан тұрғыны екпенің 1-компонентін, 19 673 азамат 2-компонентін алған. Жалпы аудан тұрғындарына «Спутник-V», «QazVac», «Hayat Vax» және «КороноВак» екпелері егілуде. Дәрігерлердің айтуынша, аудан тұрғындары тарапынан коронавирусқа қарсы вакцинаны қабылдау белсенділігі басым.

Түркістан облысындағы басқа аудандарда да екпе салдырушылардың қатары өсіп келеді. Атап айтқанда, Сайрам ауданында екпе салдырушылардың қатары артып келеді.

Сайрам ауданында 7 екпе егу пункті бар. Жалпы 29 егу бригадасы жұмыс істейді. Жұмыс тобында дәрігер, вакцинатор, тіркеуші бар. Сонымен қатар, үйінен шыға алмайтын тұрғындар үшін айданда 8 жылжымалы бригада ұйымдастырылған. Олар сайрамдықтардың үйлеріне барып, екпе егу жұмыстарын жүргізеді. Барлық мамандар екпе егу бойынша арнайы дайындықтан өткен. Жылжымалы бригадаларға көлік бекітілген.

«AQ-QARAKZ» - ақпарат

 

Оқылды 647 рет