Осыған орай көршілес Шымкент қаласындағы індеттің таралу қарқыны бізге де әсерін тигізері анық. Осыны ескерген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өткен аптада кеңес өткізіп, облысқа қарасты аудан-қала әкімдеріне жергілікті жердегі вакцина егу көрсеткішін жоғарылатуға тапсырма берді.
Өңір басшысының тапсырмасына орай аудан әкімі Бағлан Батыршаев ауданымызда карантин талаптарын сақтау, індетке қарсы екпе салдыру бойынша арнайы мобильді топ құрған болатын.
Қазіргі таңда аудан әкімдігі жанынан құрылған топ рейдтік шаралар мен халыққа екпе алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Аудандық денсаулық сақтау мекемесінің қызметкерлері көшпелі вакцина егу кабинеттерімен тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде.
Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген жоспар бойынша ауданымызда вакцинациялауға жататын жалпы халықтын 75,7 пайызының 2 этапты 51,3 пайызы ғана орындап отыр.
Бүгінде ауданда 59325 адамға вакцина егілетін болса, бірінші кезең бойынша 33 595, екінші кезең бойынша 21745 адам вакцина салдырған.
Бүгін пандемияға байланысты сақтық шаралары жөнінде Бағлан Дәнебекұлы шұғыл жиын өткізіп, мобильді топ жетекшілері мен ауыл әкімдеріне жүйелі тапсырма берді. Көрсеткіш төмен болған жағдайда, қызметтік ескерту берілетінін нақтылап айтты.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат