Бейсенбі, 22 Шілде 2021 10:54

Түркістан: Сарыағаш ауданы әкімі екпе салдырды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы.

Вакцина салдырып, иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңіп, барлық шектеулер алынып, халық қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралмақ. Осыны түсіне отырып аудан тұрғындары коронавирусқа қарсы екпе алып жатыр.

Бүгін аудан әкімі М.Отаршиев аудандық орталық ауруханада коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын I типтік дозасын салдырды. Аудан басшысының екпе алғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер байқалған жоқ.

- Мен бүгін ерікті түрде екпе ектірдім. Екпе салдырудан алдын денсаулығымды тексертіп алдым. Дене қызуым, қан қысымым барлығы қалыпты жағдайда болып, екпеге рұқсат етілді. Дәрігер мамандар екпеден кейін ине салынған орынға су тигізбеуге және егу орнын жылы ұстауға кеңес берді. Мамандар кеңесіне сәйкес әрекет ететін боламын. Әсіресе қазір вирустың жаңа штамы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше. Бұл өз денсаулығымыз үшін керек. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы қиындықты бірлесіп еңсеруге тиіспіз. Мына әлемді жайлаған індеттің таралу қаупін тек екпе салдыру арқылы ғана төмендете аламыз! Сол себепті барша халықты коронавирустан қорғану үшін екпе салдыруға шақырамын!, – деді аудан басшысы.

Сондай-ақ, ол қауіпті індетпен күресіп әрі вакцинациялау жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 442 рет