Сәрсенбі, 28 Шілде 2021 11:24

Түркістан: Сарыағаш ауданында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жұмысы қарқынды жалғасып жатыр

Ауданда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жұмысы қарқынды жалғасып жатыр.

Сарыағаш емдеу оңалту кешенінің 90 пайыз қызметкерлері ерікті түрде қауіпті вирусқа қарсы екпе салдырды. Қазіргі таңда екпе салдырғандардың жағдайы жақсы, кері әсерлер байқалмаған.

Алдымен медицина қызметкерлері ереже бойынша мекеме қызметкерлерінің денсаулығын мұқият тексеріп, вакцина салғызғаннан кейінгі сақтану шараларын түсіндіріп, қауіпті індеттен қорғайтын екпені салуды бастаған.

Сарыағаш емдеу оңалту кешенінің қызметкерлері - «Мемлекет бізге қамқорлық жасап, вакциналауды ұсынып отыр. Өткен жыл бүкіл адамзат үшін қиын кезең болды. Вирустың салдарынан қаншама адам қайтыс болды. Біз вакцинаның тиімділігіне сенеміз. Өзімізді, отбасымызды қатерден қорғағымыз келеді. Вируспен күресудің жалғыз жолы – екпе салдыру» - деп вакцинаның ІІ кезеңін де салдырамыз деп өз ықыластарын білдірді.

Айта кетсек, вакцина алғандар туралы мәлімет бірден электрондық үкіметтің ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Онда екпе алған азамат пен бақылайтын дәрігердің аты-жөні, препарат атауы және екпені алған күн жазылады. Вакцинация төлқұжаты 3 тілде рәсімделеді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 454 рет