Шілде айында 67 аудан тұрғынынан коронавирус инфекциясын жұқтыру фактісі анықталып отыр. Дегенмен, кейбір аудан тұрғындары мен кәсіпкерлері мәселенің маңыздылығын ескермей жанұялық жиындарды өткізуді доғармай отыр.
Бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен лездемелік жиында аудан аумағында коронавирустық инфекциясымен күресу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы, әлеуметтік - экономикалық даму индикаторлық көрсеткіштерінің 6 ай қорытындысымен орындалуы, аудан аумағындағы дәнді–масақты дақылдарының жиналу барысы және өрт қауіпсіздігіне қатысты мәселелер қаралды.
Аталған мәселелер бойынша жауапты басшылар тарапынан баяндамалар жасалып, саладағы өзекті мәселелер талқыланды.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы бүгінгі таңдағы эпидемиологиялық ақуалдың күрделі екендігіне тоқталып, екпе егу жұмыстарын қарқындатуды, мобильді топтарға рейдтік шараларды үзбей жүргізуді және халыққа карантин талаптарын түсіндіруді жандандыру қажеттігін атап өтті.
Аптап ысттыққа байланысты өрт болу қауіпінің жоғары екенің айтып, ауыл әкімдеріне өрт қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстауды ескерді. Қауіпті аймақтарда қажеттілігіне қарай минералды жолақтар(жасанды өрт тосқауылы) жасауды тапсырды. Сондай-ақ, елді мекендердегі тазалық мәселесі де басты назарда болу керегтігін атап өтті.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат