Сәрсенбі, 28 Шілде 2021 12:03

Нұрбол Тұрашбеков: «Жағдай тұрақтану үшін тәртіпке бағыну қажет»

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мобильді топ жұмыстары мен вакцинациялау барысын бақылау мақсатында комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте қала бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 14 азамат анықталған. Қала басшысы қауіпсіздік шараларын қатаңдатуды, мобильді топтың жұмысын күшейтуді ескертіп,

Бизнесті қолдау және туризм бөліміне Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Полиция басқармаларымен бірлесе отырып тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында түсіндіру шараларын арттыруды тапсырды.

"Талап баршаға ортақ. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көпшілік орындардың түнгі жарықтануы мен субұрқақтардың жұмыс уақытын шектеуіміз қажет. Бұл амалдар қала сары аймақтан шыққанға дейін атқарылуы тиіс. Бір нәрсені түсінейік - эпидемиологиялық жағдай тұрақтану үшін бәріміз карантин талаптарын орындап, тәртіпке бағынуымыз қажет", - деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.

Қазіргі таңға қаладағы эпидемиологиялық жағдай – «Сары аймақты» көрсетеді. Жыл басынан бері коронавирус дертіне шалдыққандар 762 болса, пневмония көрсеткіші 224-ке жеткен.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 457 рет