Сейсенбі, 03 Тамыз 2021 12:41

Түркістан: Індеттің таралуын болдырмау шаралары қарқынды жүргізілуде

Түркістан қаласында індеттің таралуын болдырмау шаралары қарқынды жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Түркістан қаласында COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның I компонентін салдырғандар - 44 145 адамды құраған. Ал, екінші компонентті ектіргендер - 25 850 азамат.

Қазіргі таңға дейін, шаһарда 938 азамат COVID-19 диагнозымен тіркелсе, пневмониямен ауырғандар 224 тұрғынға жеткен. Сонымен қатар, індеттің екінші толқынына дайындық бойынша ПТР тест тапсырғандардың жалпы саны - 45 127 адам.

Шаһардағы індет таралуының алдын алу, карантин талаптарының орындалуын, сақталуын қадағалау мақсатында құрылған 10 мобильді топ іске кіріскелі 15 119 нысанды аралаған. Аралау барысында карантин талабы сақталмағаны үшін 686 хаттама толтырылған. Оның 681 жеке тұлғаға, 17 жеке кәсіпкерге және 3 заңды тұлға мен 1 лауазымды тұлғаға жазылып, айыппұл салынған.

Айта кетейік, облыс орталығындағы індетке қарсы вакцинациялау нүктелерінің саны 16-ға артты.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 450 рет