Бұл жайында бүгінгі аппараттық жиналыста қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ғазиза Ақанбайқызы мәлімдеді.
Облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері өңірдегі барлық қоғамдық тамақтану орындары, банкет залдары мен жазғы алаңдардың жұмыс істеуіне шектеу қойылды.
Сондай-ақ, осы күндері қоғамдық көлік, балалар ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар, сұлулық салондары, туристік базалар, демалыс үйлері, бассейндер, монша, сауналар, облысаралық және қалалық тұрақты емес тасымалдар, компьютерлік клубтар, караоке боулинг орталықтары да қызмет көрсетпейді.
Демалыс күндері жұмысын тоқтататындардың қатарында ашық және жабық базарлар да бар. Осы ретте қалада вакцина салдыру бойынша әлі де ұжымдық иммунитет қалыптаса қоймағанын атап, карантин талаптарына түсіністікпен қарап, оны қатаң сақтау қажеттігін мәлім етті.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат
Қала әкімі Даурен Махажанов шұғыл мобильді топтың санын көбейтуді керектігін атап, жұмысын күшейтуді тапсырды. Қаладағы той-жиындар мен үлкен сауда орталықтарды, халыққа қызмет көрсету орындарын тез арада қатаң бақылауға алу керектігін ескертті.
"Себебі соңғы уақытта қалада індет жұқтырушылардың саны күрт өсуде. Олардың арасында жүкті әйелдер мен жас бүлдіршіндер, кәмлет жасына толмаған жастар бар"- деп дабыл қағуда қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Бибігүл Нұрланқызы.
"Әлі де өршіп тұрған індетті ауыздықтап, одан құтылудың жолы екпе ектіру екенін мамандар түсіндіріп әлек. Әлі де өзінің және жақындарының денсаулығына салғырт қарайтын тұрғындар індетті жұқтыруда. Ауруханаға түскен науқастардың барлығы екпе алмағандар. Қаланы залалсыздандыруды сектор мүшелері қолға алсын. Қала және ауыл тұрғындарын індеттен сақтау шараларын күшейту қажет"- деген қала әкімі жұмысшы топқа жұмысты ұйымдастыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.