Жұма, 23 Шілде 2021 11:05

Кентау: Мобильді топ жұмысы жүйелі жүруде

Кентау қаласының әкімі Даурен Махажановтың тапсырмасына орай, карантин талаптарын сақтау бойынша құрылған мобильді топ жұмысы жүйелі жүруде.

Эпидахуал жағдайына байланысты мобильді топ төрт бағытта жұмыс атқарып жатыр. Атап айтқанда, бірінші топ - қала тұрғындарын бетперде режимін сақтауға шақырса, екінші топ қаладағы той-жиындарды тоқтатуға күш салуда. Ал үшінші топ кәсіпкерлік нысандардағы халық көп жиналатын орындарды "Ashyg" бағдарламасы арқылы тексеріп жатыр. Төртінші топ жеке үй-жайларда өтетін той-жиындарды тоқтату үшін үздіксіз жұмыс істеуде.

Мобильді топ жұмысының нәтижесінде қаладағы үш тойханада ұйымдастырылған тойлар тоқтатылды. Тойхана иесі мен той ұйымдастырушыларға хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар, бетперде режимін сақтамаған 5 азаматқа хаттама жазылып, белгіленген мөлшерде айыппұл салынды.

Аталған жұмыстар күн сайын жүргізіліп отырады. Мобильді топтың рейдтік барысы басшылықтың қатаң бақылауында.

Атап өтейік, соңғы уақытта Кентау қаласында індет жұқтырушылар саны күрт өскен. Олардың арасында жас балалар мен жасөспірімдер де бар. Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі вакцина алмағандар санатынан.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 440 рет