Жұма, 23 Шілде 2021 11:09

Түркістан: Кентауда бір тәулікте 375 адам екпе алды

Кентау қаласында өткен тәулік ішінде 375 адам вакцина қабылдаған.

Екпенің I компонентін - 375,II компонент - 335 адам салдырған.

Қалалық емхананың мәліметінше, егу науқаны басталғалы барлығы 33215 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 20481 адам вакцинаның екі компонентін қабылдаған. Сонымен қатар, 23 шілде күнге КВИ-дің 10 жағдайы тіркелген. Науқастардың 6 белгілері бар болса, 4 адамда белгілері болмаған. 6 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 4 адам үй бақылауына алынды.

Мамандар қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін ескертіп, тұрғындарға қоғамдық орында бетперде режимін сақтап, адамдар көп шоғырланатын орындарға бармауды ескертеді. Сондай-ақ, ертерек екпе алуға шақырады.

Айта кету керек, Кентау қаласының әкімі Даурен Махажановтың тапсырмасына орай, карантин талаптарын сақтау бойынша құрылған мобильді топ жұмысы жүйелі жүруде.

Эпидахуал жағдайына байланысты мобильді топ төрт бағытта жұмыс атқарып жатыр. Атап айтқанда, бірінші топ - қала тұрғындарын бетперде режимін сақтауға шақырса, екінші топ қаладағы той-жиындарды тоқтатуға күш салуда. Ал үшінші топ кәсіпкерлік нысандардағы халық көп жиналатын орындарды "Ashyg" бағдарламасы арқылы тексеріп жатыр. Төртінші топ жеке үй-жайларда өтетін той-жиындарды тоқтату үшін үздіксіз жұмыс істеуде.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 460 рет