Жұма, 30 Шілде 2021 11:45

Кентау: Рейдтік жұмыстар үздіксіз жүргізіліп отырады

Кентау қаласы әкімінің орынбасары, мобильді топтың төрағасы Бекайдар Алимбетовтың қатысуымен баспасөз бриффингі өткізілді.

Сонымен қатар, Кентау қалалық санитарлық эпидемиологиялық басқарма басшысы Ғазиза Егембердиева, қалалық емхананың бас дәрігері Жанат Тоғайбекова, қалалық жергілікті полиция басшысы Әділ Бақашбаев, мобильді топ жетекшілері қатысты.

"Апта басынан үздіксіз жүргізілген мобильді топтың рейд барысында біршама кәсіпкерлік нысандарға ескерту беріліп, тойханадағы жиындарға тоқтау салынды. Қала тұрғындарына көпшілік жерде бетперде киіп, карантин талаптарын ұстану керектігі түсіндірілді" деді қала әкімінің орынбасары Бекайдар Алиярұлы.

Ғазиза Ақанбайқызы жаңа қаулы бойынша түсіндіріп, СЕНБІ, ЖЕКСЕНБІ күндері базарлар мен үлкен кәсіпкерлік нысандар, бассейіндер мен демалыс аймақтары жұмыстарын тоқтатады деді. Карантин талаптарына бағынбаған кәсіп иелеріне шара көрілетінін атап өтті. Өткен күнмен санағанда КВИ жұқтырған тұрғын саны 35 адам. Ал, бір айда індет жұқтырғандардың саны 300 ге жуықтап отыр дейді.

Қалалық емхананың бас дәрігері Жанат Есенғалиқызы бүгінгі таңда эпидахуал күшейгенін айтады. Емхана мен аурухана келуші науқастардың саны күннен күнге өсіп жатқанын айтып, қала тұрғындарын індеттен сақтануға шақырды.

Елімізде белең алып бара жатқан қауіпті індеттен сақтанудың бірден бір жолы вакцина екенін алға тартқан мамандар, қала жұртшылығын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рейдтік жұмыстар үздіксіз жүргізіліп отыратынын хабарлаған мобильді топтың төрағасы той-жиындардан бас тартып карантин талаптарын ұстануға шақырды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 494 рет