Мамандар ат басын тіреген ұжымдардың бірі – «S.G.M Group» ЖШС өндірістік кәсіпорны болды. Мамандардан құралған арнайы топ өкілдері алдағы күндері тағы бірқатар кәсіпорындарды араламақ.
Түсіндіру жұмыстарын ширату аса маңызды міндет дейді олар. Себебі ауру өршіп тұрған тұста адамдарға вакцина туралы кеңінен мағлұмат беру қажет. Ал екпе алғандар тек өзін ғана емес, өзгелерді де індеттен сақтай алады.
Кездесуде Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Феруза Абдрахман облыстық бас санитар дәрігердің соңғы жарияланған қаулысында көрсетілген шектеу шаралары мен «Ashayq» жүйесі туралы айтты. Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлері көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауабын алды.
Айта кетейік, қазіргі кезде Арыс қаласында азаматтарға COVID-19 инфекциясына қарсы 8 екпе кабинетінде вакцинаның төрт түрі салынуда. Бүгінде 24 679 адам екпенің І-компонентін, ал 21 279 адам ІІ-компонентін қабылдаған.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат