Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оған қала әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлім басшысы Айдар Манапов пен Арыс аудандық орталық аурухана басшысының міндетін атқарушы Айдынбек Нарқабұлов, Арыс қаласындағы "Тораптық аурухана" ӨК директоры Заңғар Әбутәліп, Арыс қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нұрбол Құлмұратов және зейнеткер-эпидемиолог Гүлбахрам Ерімбетова қатысты.
Күн тәртібінде талқыланған негізгі мәселенің бірі – ауруханалар мен емханаларда пацинеттерді қабылдау мен қызмет көрсету мәселесі болды. Сондай-ақ, қазіргі кезде науқастарға арналған койка санына талдау жасалып, індет өрши түскен жағдайда төсек-орын санын көбейту жайы сөз болды.
Сонымен қатар, Гүлжан Мамытқызы сала жетекшілеріне қажетті дәрі-дәрмек қорын қалыптастыру мен сұранысы жоғары препараттардың дәріханалар мен ауруханаларда жеткілікті болуын назарда ұстауды тапсырды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат