Сайрам ауданы бойынша ASHYQ қосымшасына қосылу үшін көмек пунктері жұмыс жасауда. Жылдам, Оңай, әрі ТЕГІН.
ASHYQ жобасына қосылып бизнес объектіге QR-код алу үшін, және толық ақпарат қажет болса Атамекен Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал мамандары көмек көрсетеді.
Мекен жайды назарларыңызға ұсынамыз:
Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Абылайхан көшесі №66 «Кәсіпкерлік мектебі» ғимараты. Омаров Мұрат Абылайханұлы тел: +7775 393 80 34
Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Абылайхан көшесі №146 «Сайрам базары» әкімшілік ғимараты ішінде орналасқан пункте Есентурлиева Кундыз +7701 131 20 71
Айта кетейік, Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Асқар Бекболатұлының «Сайрам, Төлеби аудандары аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» №18 қаулысына сәйкес аудандағы коронавирус індетінің таралуын тежеу мақсатында атқарылып жатқан алдын алуы шараларына арналған баспасөз брифингі өтті.
Сайрам ауданы территория жағынан Шымкент қаласына іргелес орналасқан. Тұрғындар қарым-қатынасы тығыз байланыста болғандықтан шектеу шараларын қатаңдатуға тура келді.
«Ashyq» жобасын енгізбеген нысандардың жұмыс жасауына тыйым салынады. Тек алып кету және жеткізу қызметіне рұқсат беріледі.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат