Сәрсенбі, 11 Тамыз 2021 18:01

Түркістан облысында екпе салдыру бекеттері көбейді

Жыл басынан бері вакцина салу бекеттерінің саны артып отырған.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Олардың жалпы саны тек тамыз айының ішінде 128-ден 141-ге дейін жеткен. Түркістан облысы вакциналау бойынша елімізде 2-орында тұр. Өңірге вакцинаның 690 мыңға жуық дозасы жеткізілген. І-компонентпен 660 мыңдай адам немесе 95%, ІІ-компонентпен – 444 545 адам немесе 77% егілген. Сондай-ақ, облыс аумағында инфекциялық төсек-орын санын 6 мыңға дейін жеткізуге мүмкіндік бар.

Өткен тәулікте «сары аймақта» болған Түркістан облысы қайта «қызыл аймаққа» енді. Енді еліміздегі барлық өңір «қызыл аймақта» тұр. Соңғы тәулікте облыста коронавирус инфекциясының 116 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 1.06 % құрайды. Індет басталғалы коронавирустың 11 мың жағдайы анықталды. Оның жартысынан астамы, яғни 6250-де сипмтомсыз өткен.

Жалпы қауіпті вирус жұқтырғандардың дені 20-49 жастағылар. Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 484 рет