Дүйсенбі, 23 Тамыз 2021 17:12

Түркістан: 700 мыңнан астам вакцина салдырды

Түркістан облысында бірінші компонентпен 724 406 адам вакцина салдырды.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ал екінші құрамды 543 377 адам қабылдады. Бір тәулік ішінде облыста 2296 адам екпе салдыруға ниет білдірді. Жалпы екпе науқаны басталғалы өңірге 736 460 доза вакцина жеткізілді.

Бүгінде эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта. Мұнда соңғы тәулікте КВИ-дің 56 жағдайы анықталды. Тәуліктік өсім 0.45% құрайды. Мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 600 орын бар, 2019 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1581 науқас емделуде. Қазір коронавирустық инфекциямен 201 науқас ем қабылдап жатыр. Пандемия басталғалы індеттің 12 328 жағдайы тіркелді. Оның 653-де симптом байқалмаған.

Айта кетейік, пандемия басталғалы 10 667 науқас індеттен толық айыққан. Жалпы 960 017 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1480 адам тексеруден өткен.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 1395 рет