Күнделікті мобилдік топтың рейдтік тексеру жүргізу барысында 2021жылдың тамыз айының нәтижесі бойынша жалпы араланған нысандар - 17 649 құраған.
Толтырылған хаттама - 760. Оның ішінде жеке тұлғаға - 738, жеке кәсіпкерге - 18, лауазымды тұлғаға-1, заңды тұлға - 3 толтырылған.
Мобильді топ жұмысын бастағалы салынған айыппұл саны - 41 348 475 теңгеге жеткен.
Ал, індетпен күрестегі вакцинациялау нәтижесіне сәйкес, I-ші компонент вакцинация ектіргендер – 63077 адам болса, II-ші компонентті – 37901 азамат салдырған.
Қазірде Hayat Vax, Sputnik V вакциналарынан бөлек, Қытайда өндірілген, әлемнің 39 мемлекетінде қолданылып жатқан - Sinovac вакцинасының 8800 дозасы жеткізіліп, егілуде.
Тамыз айында COVID-19 диагнозымен тіркелген науқастар саны– 839, пневмония диагнозымен тіркелген науқастар саны- 224 адам.
Жыл басынан бергі ПЦР тест тапсырған тұрғындар саны 49 123 адамды құраған.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат