№14 емдеу орталығының мамандары мектептегі егу бекетінде вакцинациялау жұмыстарын жүргізді.
Қалада алғашқылардың бірі болып Pfizer вакцинасын 25 мектептің оқушылары салдырды. Екпеден алдын дәрігерлер жасөспірдерді медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егуде.
Мектептерде вакцинациялау жұмыстарын жүргізу үшін 140 егу бекеті ұйымдастырылған. Мұнда профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен.
Айта өтсек, Шымкентке Pfizer вакцинасының 46 800 дана мөлшеріндегі алғашқы партиясы жеткізілген болатын. Екпе егілетін тұрғындарға қаланың медициналық ұйымдарында, ал жасөспірімдерге білім беру ұйымдарында ата-анасының немесе оның заңды өкілдерінің ерікті келісімінен кейін жүргізіледі. Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар аумақтық емханаларда вакцина салдыра алады.
Қазақстанда Pfizer вакцинасын 12 мен 18 жас арасындағы балаларға салу жоспарланған. Сондай-ақ, бұл вакцинаны жүкті немесе бала емізетін әйелдер салдыра алады.
«AQ-QARA.KZ-ақпарат»