Түркістан облысында 1019283 адам екпе қабылдады. Екінші компонентпен 958666 адам вакцина алды. Кейінгі тәулікте 2993 адам екпе салдыруға ниет білдірген.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 8 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,05% құрайды. Облыста пандемия басталғалы 1 128 727 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 593-і бос. Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 577 жағдай тіркелді. Олардың 7710-да ауру симптомсыз өткен болатын.
Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.
«AQ-QARA.KZ-ақпарат»