Томография кабинетін аралап көрген денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Позилов инсульттан болатын өлім-жітім санын азайту үшін диагностикалауда құрылғының маңыздылығы орасан екенін алға тартты.
Компьютерлік томография қаладағы 22 медициналық мекемеде бар. Бүгінде дәрігерлер мұндай құрылғы арқылы жүрек-қан тамырлардағы ауруды дер кезінде анықтап, инсультті емдеудің тиімді әдістерін қолдануда.
Заманауи үлгідегі аппарат АҚШ-тан әкелінген. Бұл тек жүрек қан тамырларының ауруын ғана емес, сонымен қатар ми, өкпеге қатысты ауруларды анықтап, оның алдын алады.
Құрылғыда қарама-қарсы түстерді қолданып, бағдарламаның арнайы пакеттерін қосу арқылы жүрек қан тамырларының зақымдану деңгейін байқауға, сүйек тіндерінің минералды тығыздығын анықтауға жағдай жасайды.
Айта кетсек, қаладағы №1 клиникалық аурухана тәулік бойы науқастарды қабылдайтын көп салалы емдеу мекемесі. Мұнда күніне 200-ден аса азамат медициналық көмекке жүгінеді.
«AQ-QARA.KZ-ақпарат»