Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын ерте анықтау мақсатында вирусологиялық үшінші зертхана ашылды

«Облыстық фтизиопульмонология орталығында» COVID-19 инфекциясын ерте анықтау мақсатында вирусологиялық зертхана ашылды. Зертхана соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған.

Шымкентте 4 мамырдан бастап кәсіпкерлік нысандар жұмысының екінші кезеңі басталады

Шаһарда бүгіннен бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтірудің екінші кезеңіне тіркеу басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов баспасөз-брифингінде мәлімдеді.

Шымкент: Еңбекші ауданында биыл 64 аула абаттандырылады

Еңбекші ауданында күні бүгінге дейін 519 аула абаттандырылған. Биыл тағы - 64, келер жылы 47 ауланы абаттандыру жоспарда бар. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың Тоғыс тұрғын алабына барған сапарында мәлім болды.

Шымкент: биыл Тұранда көпқабатты 88 үйдің құрылысы басталмақ

Шымкент қаласының Тұран шағынауданында бүгінде көп қабатты 42 үйдің құрылысы басталған. Тағы 26 үйдің жобасы әзірленуде. Оның үшінде 16 қабатты - 4 үй, 8 қабатты - 12 үй, 9 қабатты 15 үй бар. Олардың жобасы мамыр айында сараптамадан шығады деп күтілуде.