Елордадан Мақтааралға гуманитарлық жүк жөнелтілді
Бүгін елордадан Мақтааралға гуманитарлық жүк тиелген көлік аттанып кетті. Бұл жүк елорданың этномәдени бірлестіктері жинаған қаражатқа сатып алынған.
Бүгін елордадан Мақтааралға гуманитарлық жүк тиелген көлік аттанып кетті. Бұл жүк елорданың этномәдени бірлестіктері жинаған қаражатқа сатып алынған.

Түркістан облысы бойынша қайта куәландырудан өтуі тиіс 1690 азаматтың мүгедектік анықтамаларының мерзімі орталықтандырылған база бойынша тамыз айына дейін ұзартылды. Барлық жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау шаралары да 3 ай бойы көрсетіледі.

Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жантақсай, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарының дәрігерлік есепте тұрған және көпбалалы отбасыдан шыққан 152 оқушысы «Сарыағаш» емдік сауықтыру шипажайына демалысқа аттанды. Бұл игілікті іске Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы ұйытқы болып отыр.

Мақтаарал ауданында 2 мамыр күні орын алған төтенше жағдай кезінде топан су астында қалған ауыл тұрғындарына алғаш болып қол ұшын созған азаматтың кім екенін білесіз бе?
Ол – атакенттік жеке кәсіпкер - Нұржан Тоқжігітов.
2020 жылғы 12 мамыр, сағат 14:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал мен сайттардан 535 633 адамнан өтініш түскен екен.

Мақтаарал ауданына Жамбыл облысы, Қордай ауданынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Бұл қайырымдылық керуенін Қордай ауданы әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Түркістандық науқастар мейірбикелерді төл мерекелерімен құттықтады,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 16 жүк көлігімен 180 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Instagram» әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жазды.
Шымкентте жыл басынан бері 57 аула абаттандырылып, ел игілігіне берілді. Оның ішінде 30 жылдан бері балалар алаңшасы болмаған көпқабатты тұрғын үй аулалары да бар.