Шымкент: Қала әкімі карантин кезінде қоғамдық жұмысқа тартылған 100 сарбазға алғыс хат табыстады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдай кезінде қаланы залалсыздандыру жұмыстары мен блок бекеттерде білек сыбана еңбек еткен 100 сарбазды марапаттап, әрқайсысына ерекше құрмет көрсетіп, алғыс хатын табыстады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап,«AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлады. 

Шымкентте биыл ҰБТ қалай өтеді?

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу штаттық режимде өтеді. Білім сынағын тапсыруға Шымкенттен 7 мыңнан астам түлек өтініш білдірген. Тест тапсыру пәндерінде өзгерістер жоқ. Ал мектеп бітіруші түлектер биыл аттестатты қалай алады? 

Шымкенттегі жұмысын бастаған нысандарда санитарлық талаптар қатаң

Төтенше жағдай мерзімі тоқтағаны шымкенттік кәсіпкерлерге оңтайлы болып тұр. Апта басынан бері көптеген бизнес нысандар қызу жұмысқа кірісіп кетті. Десек те карантин тәртібі әлі тоқтаған жоқ. Қала санитарлары қайта қосылған жұмыс орындарына мониторинг жүргізуде. 

Шымкент: Дендросаябақ Асанбай Асқаров есімімен аталады

Шымкент дендросаябағы – қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Қалаға қонақ болып, ат басын бұрғандардың дені жасыл желек жамылған дендросаябаққа соқпай кетпейді. Мұнда бір мезгіл бой сергітіп, таза ауамен тыныстап қайтатындардың қатары көп. 

Мақтаарал ауданының Өргебас ауылындағы тазартылған ішкі жолдарда көлік жүре бастады

Мақтаарал ауданының Өргебас ауылында өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде автокөлік қозғалысы үшін ішкі автожолдар ашылды, деп хабарлайды  Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен 1,8 мың оқушы лагерьлерде демалады - БҒМ

Түркістан облысында зардап шекен балаларды сауықтыру, олардың білім алуына жағдай жасау және ҰБТ-ға дайындалуына көмектесу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.