Тасқыннан зардап шеккен мақтааралдықтарға қоғамдық ұйымдар гуманитарлық көмек жеткізуде

Тасқыннан зардап шеккен мақтааралдықтарға қоғамдық ұйымдар да гуманитарлық көмек жеткізуде. Түрлі апаттар кезінде азаматтарға көмек көрсететін «Қызыл Жарты Ай» қоғамы баспанасыз қалған отбасыларға азық-түліктер мен киім-кешектер таратуда.

Өмірзақ Шөкеев: Карантин құрылысқа кедергі емес

«Еліміздегі төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Алайда коронавирус инфекциясының қаупі сейілмегендіктен, карантин талаптары әлі де сақталады. Сондықтан сақтық шаралары жалғаса береді. Әсіресе құрылыс саласында. Карантин құрылысқа кедергі емес»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев лездемелік мәжіліс отырысында.

Мақтаарал: Азық-түлік қоймасына орталықтандырылған бейнебақылау орнатылды

Мақтаарал ауданы Атакент кентіндегі облыстық орталықтандырылған қоймаға бейнебақылау қондырғылары орнатылды. Бұл өз кезегінде азық-түліктің ысырапсыз таралуы мен себепсіз үлестіруіне тосқауыл болмақ. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық «Nur Otan» партиясы филалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев мәлім етті.

Биыл Шымкент қаласында 417,6 шақырым жол жөнделеді

Оған бюджеттен 25,6 млрд. теңге бағытталған. Бұл тұрғыда салынған жолдың сапасы мен қауіпсіздігін қадағалайтын «Ұлттық жол активтері сапа орталығы» Шымкент қалалық филиалына да жауапкершілік жүктеліп отыр. Жалпы, жол құрылысы саласында қандай түйткілдер бар? 

Мақтааралдағы құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылуда

Мақтаарал ауданында тасқын судан зардап шеккен азаматтарға арнап салынатын тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қазірдің өзінде Мырзакенттің шығыс бетіндегі 50 гектар аймақта 40-тан астам құрылыс компаниясы келіп, үйлердің іргетасын қалау жұмыстарына кірісіп кеткен.