Шымкент: Қала әкімі ҰОС ардагерінің шаңырағына құттықтап барды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шымкент қаласындағы 40 майдангерге Ұлы Жеңістің 75 жылдығы арнайы медалі мен құттықтау хаты табысталды. Мереке қарсаңында қала әкімі Мұрат Әйтенов ҰОС ардагері Сәрсен Әбдінұровтың үйіне барып, арнайы медалін тапсырып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сайрам: Жас келсе, іске!

Өзбекстан Республикасынде түрлі металдан құрылысқа қажетті өнім дайындайтын ағасының жанында ұзақ уақыт тәжірибе жинаған Бекмұрат Ешанқұлов биыл Сайрам ауданының Көлкент ауыл округінде өз кәсібін ашты,-деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкент: Мәслихат хатшысы мен аудан әкімі соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті

Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев пен Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов Ұлы Жеңіс мейрамының қарсаңында 104 жастағы соғыс ардагері Нигмат Гареевті құттықтап, құрмет көрсетіп қайтты. 

Шымкенттіктер мақтааралдықтарға әлеуметтік қолдау көрсетті

Мақтааралдықтардың бүгінгі жай-күйі шымкенттік кәсіпкерлерді де бейжай қалдырмады. Жомарт жандар Мырзашөл өңіріне қажетті киім-кешек пен гигиеналық заттар жіберді. Атап айтсақ, кәсіпкерлер тарапынан 4000 адамға аяқ-киім мен спорттық киімдер, одан бөлек 200 дана жейде мен 150 дана әйелдерге арналған көйлек, шалбарлар жөнелтілді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төлеби: Ленгір қаласында тазалау жұмыстары жүргізілуде

Төлеби ауданы Ленгір қаласында қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан «Ленгір» өзенінде судың көтерілуінен су басу орын алған болатын. Орын алған су басудың зардаптарын жою жұмыстары жүріп жатыр,-деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.