Түркістан: Мақтааралда тағы да 3200 тұрғын қауіпсіз аймаққа шығарылды

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында орын алған жағдайға байланысты 2243 азамат қауіпсіз аймаққа көшірілді. Сондай-ақ, судан қауіп төнген Нұрлыжол мен Фредауси ауылдарынан 415 үйдің 3200-ден астам тұрғыны қауіпсіз аймаққа шығарылған.








