Түркістан: Төлеби ауданында тоғыз тұрғын үй тұрғызылады

Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы жылдан жылға қарқын алып келеді. Мәселен, Төлеби ауданында соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша 5 қабаттан тұратын 10 тұрғын үй бой көтеріп, бас-аяғы 540 пәтер пайдалануға берілген. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.





