Түркістанда жол құрылысы қызып жатыр

Карантинге қарамастан Түркістанда жол құрылысы қызып жатыр. Ұзындығы 6.5 шақырым болатын бір көше жаңадан салынуда. Сондай-ақ, 106.3 шақырым 81 көше жөнделуде.

Карантинге қарамастан Түркістанда жол құрылысы қызып жатыр. Ұзындығы 6.5 шақырым болатын бір көше жаңадан салынуда. Сондай-ақ, 106.3 шақырым 81 көше жөнделуде.

Төтенше жағдай кезінде халықтың күнделікті тұтынатын тағамдарының бағасын қалыпты жағдайда ұстап тұру басты назарда. Осы орайда “Алтын бұлақ” көтерме сауда базары мен “Яссы” көкөніс базарындағы баға тұрақтылығы бойынша тексеріс жүргізілді.

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жеңген тағы бір азамат тіркелді. Жетісай ауданы, Жаңа ауыл округінің 1963 ж. тұрғынының соңғы талдама нәтижесі бойынша ол дертінен құлан-таза айыққан.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы карантин режиміндегі жол қозғалысы барысын бақылады,-деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

«Біз біргеміз!» деп ұрандатқан топтың бірі – Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаттың» ұжымы. Бұл білім шаңырағы осы мектепте тәрбиеленіп жатқан бір отбасының үш баласына қайырымдылық көрсетіп, жомарттық танытты.

Жақсылық жасап, елдің батасын алудан шаршамайтын Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан құрылған еріктілер клубының мүшелері мен ауданның белсенді жастары тағы бір ізгілікті іс жасады.

Елдің басына түскен нәубетті сезіне білген ауданның жомарт жүректі азаматтары мен кәсіпкерлері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып елге қолұшын созуда. Сондай ілкімді істердің бастамашысы бола білген Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері және ауданның ерікті жастарымен біргелікте көпшілікке үлгі боларлық өнеге көрсетуде.

Түркістан қаласы әкімдігі карантин уақытында қалада елдің келіп-кетіп, жүріп-тұруын онлайн тіркеудің қолайлы әрі жеңіл жүйесін енгізе бастады. Аталған шара «Астана мемлекеттік қызмет хабы» қолдауымен жүзеге асуда.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында "Азала текстиль" фабрикасы мен "Мырзакент" мақта өңдеу зауытына иелік ететін "Мырзакент-Холдинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жамалов Бауыржан Салдарұлы 5 мың медициналық бетпердені тегін таратып, 14 отбасыға азық-түлік үлестірді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен Айбек Шілманов Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы болып тағайындалды.